locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ПСЖ мен «Астон Вилланың» УЕФА Суперкубогы матчына негізгі құрамы белгілі болды

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары жаңа маусымның алғашқы еуропалық жүлдесін сарапқа салады
ПСЖ мен «Астон Вилланың» УЕФА Суперкубогы матчына негізгі құрамы белгілі болды
ФОТО: Getty images
УЕФА Супер Кубогы
12.08.2026, Аяқт.
ПСЖ
2
Астон Вилла
1

ПСЖ мен «Астон Вилланың» УЕФА Суперкубогы үшін өтетін матчқа негізгі құрамы жарияланды, деп хабарлайды Sports24.kz.

12 тамыздан 13 тамызға қараған түні қос команда Зальцбургте кездесіп, еуропалық маусымның алғашқы жүлделерінің бірін сарапқа салады. ПСЖ бұл ойынға 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы ретінде шықса, ағылшын клубы Еуропа лигасындағы жеңісінің арқасында Суперкубокқа жолдама алды.

ПСЖ: Сафонов, Хакими, Маркиньос, Кварацхелия, Аклиуш, Дуэ, Витинья, Мендеш, Заир-Эмери, Пачон, Невеш.

«Астон Вилла»: Бизот, Кэш, Линделеф, Макгинн, Камара, Буэндия, Торрес, Маатсен, Гомес, Хеминнгс, Маджо.

Кездесу Аустрияның Зальцбург қаласындағы «Зальцбург» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 00:00-де басталады. Матчқа тікелей көрсетілім.

Париждік клуб Чемпиондар лигасындағы жеңісінен кейін табысты сериясын жалғастырып, қоржынына тағы бір еуропалық жүлде қосуды көздейді. Ал «Астон Вилла» Еуропа лигасындағы жеңісін Суперкубокпен толықтыруға мүмкіндік алады.

Жүлде тағдыры бір матчта шешіледі. Егер негізгі 90 минут тең есеппен аяқталса, қосымша уақыт ойналмайды. Командалар бірден пенальти сериясына көшіп, Суперкубок иегерін анықтайды.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie