ПСЖ жұлдызы Сатпаевтің «Челсидегі» командаласы болуы мүмкін
Лондондық «Челси» құрамды күшейту жұмысын жалғастыра отырып, назарын Франция нарығына аударды, деп хабарлайды Sports24.kz
«Көктердің» бас бапкері Хаби Алонсо Париждің басты клубының негізгі жартылай қорғаушыларының бірі – Фабиан Руисті өз командасына шақыруға жеке қызығушылық танытуда.
Испаниялық El Nacional басылымының мәліметінше, «Челсидің» бас бапкері Хаби Алонсо клуб басшылығынан «Пари Сен-Жермен» жартылай қорғаушысы Фабиан Руисті трансферлеуді талап еткен. ПСЖ ұсыныстарға ашық және 29 жасар испандықты Премьер-лигаға шамамен 52 миллион фунт стерлингке (шамамен 60 миллион еуро) босатуға дайын.
Фабиан Руис ПСЖ сапында 2022 жылдың жазынан бері, Италияның «Наполисінен» ауысқаннан кейін өнер көрсетіп келеді. Испания құрамасы сапында бұл жартылай қорғаушы Евро-2024 додасында жарқырай ойнап, командадағы негізгі ойыншылардың біріне айналды.
Белгілі Transfermarkt порталы футболшыны шамамен 35–40 миллион еуро деп бағалағанымен, Франция чемпиондары өз жұлдызы үшін әлдеқайда жоғары өтемақы алуды көздейді.
Айта кетейік, 9 тамызда «Челси» маусымға дейінгі жиында малайзиялық «Джохорға» қарсы жолдастық матч өткізді. Бұл ойын 3:3 есебімен тең аяқталды.
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев «Челсидің» жолдастық матчына қатысуға өтінімге ілікті және 86-минутта алаңға шықты.