locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ПСЖ Дембеленің мүлт кетуіне қарамастан, тартысты ойында «Анжеден» жеңісті жұлып алды

ПСЖ қиналып жеңді, Дембеле тағы да мүлт кетті
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ПСЖ Дембеленің мүлт кетуіне қарамастан, тартысты ойында «Анжеден» жеңісті жұлып алды
ФОТО: Getty images
Лига 1 Франция
22.08.2025, Аяқт.
ПСЖ
1
Анже
0

22 мен 23 тамыз түні «Парк де Пренс» аренасында өткен Франция чемпионатының 2-тур ойыны париждіктер үшін күтпегендей ауыр болды. «Пари Сен-Жермен» небәрі бір ғана дәл соққының арқасында жеңіске жетті: 50-минутта Фабиан Руис мергендік танытып, есеп ашты — 1:0.

Алайда кездесудің басты сәті алғашқы таймда орын алды. 25-минутта төреші «Анже» қақпасына пенальти белгіледі. Оны орындауға шыққан Усман Дембеле нысанадан мүлт кетіп, есеп ашылмады. Әсіресе таңғаларлығы — дәл осы Дембеле бүгінде «Алтын доптың» басты үміткерлерінің бірі саналады.

Лига 1, 2-тур

ПСЖ — «Анже» — 1:0

Гол: Руис, 50

Айта кетсек, бұл - париждіктердің қатарынан екінші 1:0 есебімен жеңісі. Бұған дейін «Нантты» дәл осындай нәтижемен тізе бүктірген еді. Енді кезекті матч «Тулузаға» қарсы 31 тамызда өтеді.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie