Фото. «Алтын доптың» басты үміткері Дембеле пенальтиден қалай мүлт кетті?
Дембеле пенальтиден мүлт кетті
Фото. «Алтын доптың» басты үміткері Дембеле пенальтиден қалай мүлт кетті?
Лига 1 Франция
22.08.2025, Аяқт.
ПСЖ
1
Анже
0
22 тамыздан 23 тамызға қараған түні Парижде Франция чемпионаты аясында ПСЖ мен «Анже» арасындағы кездесу өтіп жатыр. 25-минутта жанкүйерлер күтпеген сәтке куә болды: төреші қонақтардың қақпасына пенальти белгіледі, алайда Усман Дембеле 11 метрлік нүктеден мүлт кетті.


Есеп өзгеріссіз қалды - 0:0. Бұл соққыдан жанкүйерлер салқынқанды дәлдік күтті, себебі француз жұлдызы 2025 жылы ғажайып көрсеткішке жетіп отыр: оның еншісінде 27 гол мен 10 нәтижелі пас бар. Бұл - Еуропаның топ-5 чемпионатындағы үздік нәтиже, ал жақын бәсекелестерінен ол кемінде алты ұпайға алда.
Дегенмен, «Алтын допқа» басты үміткер саналатын футболшы да кейде қателік жібереді.
Аружан Темірбек
Редактор