locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Фото. Бодибилдер төреші Лига 1-дің жұлдызына айналды. Дембеле де таңдай қақты

Жұлдыз емес, төреші басты кейіпкер атанды
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Фото. Бодибилдер төреші Лига 1-дің жұлдызына айналды. Дембеле де таңдай қақты
ФОТО: Микаэль Лелю
Лига 1 Франция
22.08.2025, Аяқт.
ПСЖ
1
Анже
0

ПСЖ – «Анже» арасындағы кездесу жанкүйерлердің есінде тек Фабиан Руистің голымен ғана емес, күтпеген жағдайымен де қалды. Бірінші таймда бас төреші жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. Оның орнына алаңға төртінші төреші – Микаэль Лелю шықты. Дәл осы сәттен бастап ең қызығы басталды.

Лелю алаңға киім ауыстырып шыға бергенде камералар оның бұлшық етке толы мүсінін – кең иықтары мен мығым қол-кеудесін көрсетіп үлгерді. Әлеуметтік желілер бірден «қызды»: жанкүйерлер оны «Лига 1-нің ең бруталды төрешісі» деп атап, төрешінің киініп шыққан сәтін вирустық фотоға айналдырды.

Фото: footballogue

Матч ПСЖ-ның 1:0 есебімен жеңісімен аяқталса да, көпшіліктің назарында Дэмбеле немесе Руис емес, Еуропадағы «ең бұлшық етті төреші» атанған жаңа интернет-батыр – Микаэль Лелю болды.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie