locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қорқынышты сәт: Поль Погба жаттығу кезінде ауыр жарақат алды

Француз жартылай қорғаушысының денсаулығындағы мәселелер оған тыныштық берер емес
ФОТО: Getty Images

Француз жартылай қорғаушысы Поль Погба жаңа маусым басталар алдында тағы бір қиындыққа тап болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Nice-Matin деректеріне сүйенсек, таңертеңгі жаттығу кезінде «Монако» сапындағы 33 жастағы футболшы жаттығу барысында сол жақ санына қатты ауырсыну сезініп, айғайлап жіберіп, алаңға құлады. Погба жаттығуды жалғастыра алмады.

Қазіргі таңда жарақаттың нақты сипаты мен Погбаның қалпына келу мерзімі ресми түрде жарияланған жоқ. Алғашқы ақпараттарға сәйкес, мәселе дәл сол жақ санында болып отыр.

Бұл — жиі жарақат алудан көз ашпаған француз ойыншысы үшін өте алаңдатарлық жағдай. «Монако» сапында жүргенде жартылай қорғаушы соңғы айларда бірнеше рет жаттығулар мен қалпына келу процесін түрлі жарақаттарға байланысты тоқтатуға мәжбүр болған еді.

Айта кетейік, 2025/26 маусымында Погба «Монако» құрамында Лига 1-де бар болғаны 6 ойын өткізіп, 119 минут алаңда болып, бірде-бір гол соқпаған. Transfermarkt мәліметінше, 33 жастағы француздың нарықтық құны қазіргі уақытта 2,5 миллион еуроны құрап отыр.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie