Постекоглу неге есеп 0:2 болғанда Роналдуды алмастырғанын түсіндірді
«Аль-Наср» клубының бас бапкері Анге Постекоглу Сауд Арабиясының Профессионалды лигасының үшінші турында «Аль-Иттифаққа» қарсы кездесуде команда капитаны Криштиану Роналдуды үзілісте неге алмастырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Эр-Рияд командасы ойынның 13-минутында қақпашы Бенту алаңнан қуылып, он ойыншымен қалып, үзіліске дейін 0:2 есебімен ұтылып жатқан еді. Үзілісте австралиялық маман португал шабуылшысын жартылай қорғаушы Абдулла Аль-Хайбариге ауыстырды. Осы өзгерістен кейін команда сенсациялық камбэк жасап, 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.
«Бізге міндетті түрде жеңіс керек болды. Қорғанысшылар оған ерекше назар аударды, сондықтан үзілісте Криштианумен сөйлесіп, өз шешімімді түсіндірдім. Жарақат мәселесі жоқ. Бұл – таза тактикалық шешім. Кейде команданың мүддесі үшін қиын шешімдер қабылдауға тура келеді – тіпті ол кез келген сәтте ойын тағдырын өзгерте алатын футболшының ауыстырылуы болса да», – деді Постекоглу.
Бапкер 41 жастағы шабуылшының кәсібилігін ерекше атап өтті:
«Ол әрдайым командаға барынша көмектесуге тырысады. Ол – нағыз кәсіпқой, бәрін дұрыс түсінді, және мен оны жаттықтыра алғаныма өте қуаныштымын. Енді келесі ойынға дайындаламыз».
Айта кету керек, Роналду өткен турда «Эль-Рияд» қақпасына соққан голы оның кәсіби мансабындағы 977-ші ресми голы болды. Португалиялық ардагерге аңызға айналған 1000 голдық межеге жету үшін бар болғаны 23 гол қалды. Transfermarkt мәліметінше, шабуылшының нарықтық құны – 10 миллион еуро.