locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ордабасы» көш басындағы орнын сақтап қалды, «Қайрат» лидерге жақындады: 24-турдан кейінгі ҚПЛ кестесі

Шымкенттік клуб чемпиондық бәсекеде бірінші орында қалды, ал «Қайраттың» қорында әлі бір матч бар
«Ордабасы» көш басындағы орнын сақтап қалды, «Қайрат» лидерге жақындады: 24-турдан кейінгі ҚПЛ кестесі
ФОТО: Ордабасы ФК

Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аяқталды. Тур қорытындысы бойынша чемпиондық бәсеке бұрынғыдан да қыза түсті. «Ордабасы» турнир кестесінің көшін сақтап қалса, «Қайрат» лидерден төрт ұпайға қалып келеді. Ал «Астана» үшінші орынға орнықты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Шымкенттік «Ордабасы» бұл турда «Қызылжарды» сенімді түрде 3:0 есебімен жеңді. Осы жеңістен кейін көшбасшының ұпай саны 55-ке жетті. Команда 23 матчта 46 гол соғып, өз қақпасына 16 доп жіберген.

Көшбасының басты ізбасары - «Қайрат». Алматылықтар турдың соңғы кездесуінде Семейде «Елімаймен» ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Марк Гуаль мен Луиш Мата бірінші таймда небәрі үш минуттың ішінде екі рет мергендік танытты.

Қазір «Қайраттың» еншісінде 22 матчтан кейін 51 ұпай бар. «Ордабасымен» арадағы айырма төрт ұпай болғанымен, алматылықтардың бір ойыны кем. Сондықтан чемпиондық тартыста бәрі әлі де ашық.

Үшінші орында «Астана» тұр. Елордалық клуб нәтижелі өткен кездесуде «Атырауды» 3:2 есебімен ұтып, 22 матчтан кейін 42 ұпай жинады. Одан кейін 39 ұпайы бар «Оқжетпес» орналасқан. Ал үздік бестікті 35 ұпаймен «Ақтөбе» түйіндеп тұр.

Кестенің орта тұсында да бәсеке тығыз. «Елімай» 32 ұпаймен алтыншы орында, «Ұлытаудың» еншісінде 31, ал «Жеңісте» 29 ұпай бар. «Тобыл» «Каспийден» минималды есеппен жеңілгеннен кейін 28 ұпаймен тоғызыншы орынға сырғыды. Ал Ақтау клубы осы жеңістің арқасында 26 ұпайға жетті.

Төменгі бөліктегі жағдай да өте күрделі. «Қызылжарда» 23 ұпай бар, ал «Атырау», «Ертіс» және «Қайсар» 20 ұпайдан жинаған. Турнир кестесін 19 ұпайдан еншілеген «Алтай» мен «Жетісу» түйіндеп тұр.

Осылайша маусымның шешуші кезеңіне қарай басымдық әзірге «Ордабасы» жағында. Дегенмен «Қайраттың» бір ойыны кем екенін ескерсек, алматылықтар көшбасшымен арадағы айырманы өз күшімен қысқартуға мүмкіндік сақтап отыр. Ал кестенің төменгі бөлігінде 12-орын мен соңғы, 16-орынның арасын небәрі бір ұпай бөліп тұр.

Фото: Sports24.kz.
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie