«Ордабасы» Алексей Гуцуляктың трансферін жариялады
«Ордабасы» Украина құрамасының жартылай қорғаушысы Алексей Гуцулякпен екі жылдық келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 жастағы футболшы — «Карпаты» академиясының түлегі. Кәсіби мансабында ол украиналық «Карпаты», «Десна», «Днепр-1» және «Полесье» клубтарында өнер көрсетті. Сондай-ақ 2016 жылы Гуцуляк Испанияның «Вильярреал» сапында ойнады.
Өткен маусымда Гуцуляк Житомирдің «Полесье» клубында ойнап, сегіз гол соғып, алты нәтижелі пас берді. 2026 жылғы 1 шілдеде украиналық вингер келісімшартының мерзімі аяқталған соң клубтан кетті. Содан бері ол еркін агент мәртебесінде болды.
Украина чемпионатында жартылай қорғаушы 226 матч өткізіп, 52 гол соғып, 32 нәтижелі пас берді. Кәсіби деңгейдегі жалпы көрсеткіші — 280 матч, 56 гол және 36 нәтижелі пас.
Гуцуляк Украина ұлттық құрамасындағы дебютін 2024 жылы жасады. Содан бері ол 16 матчқа қатысып, алты гол соқты.
Еске салайық, осы маусымда «Ордабасы» Қазақстан чемпионы атанды, сондай-ақ ел кубогын жеңіп алды.