locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мбаппе Франция құрамасының Ұлттар лигасындағы матч алдындағы жаттығуына қатыспады

Форвардтың Италияға қарсы ойындағы қатысуы белгісіз
Футбол
Мбаппе Франция құрамасының Ұлттар лигасындағы матч алдындағы жаттығуына қатыспады
ФОТО: Getty Images

Франция құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Италияға қарсы Ұлттар лигасының матчы қарсаңында ұлттық құраманың жаттығуына қатыспады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Француз форварды бейсенбі, 12 қарашада өтетін алдағы кездесу алдындағы соңғы жаттығуда командадағы серіктестеріне қосылмады. Оның болмауы құрама сапында алаңдаушылық туғызды.

Әзірге Франция тарапы Мбаппенің жаттығуға қатыспау себебіне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Оның Италиямен матчқа қатысу-қатыспауы белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін Франция құрамасы жартылай қорғаушы Орельен Тчуамениінен де айырылған болатын. Футболшы денсаулығына байланысты ұлттық құраманың орналасқан жерінен кетті.

Франция құрамасы 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының A1 тобында көш бастап тұр. Төрт турдан кейін команда 10 ұпай жинап, бірінші орында келеді. Француздардың еншісінде үш жеңіс пен бір тең ойын бар. Олар Түркияны (1:0), Бельгияны (1:0 және 4:1) жеңіп, Италиямен (1:1) тең түсті.

Француздар келесі кездесуін 12 қарашадан 13 қарашаға қараған түні Қазақстан уақытымен 00:45-те Италияға қарсы өткізеді. Топтық кезеңнің соңғы матчында команда 16 қарашада Түркиямен ойнайды. Кездесу 00:45-те басталады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie