Италия – Франция: Ұлттар лигасы матчын онлайн көру
Италия мен Франция құрамалары УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы топтық кезеңнің бесінші турында кездеседі. Матч бейсенбі, 12 қарашада Миланда өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ойын «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді, ал кездесудің тікелей эфирін Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Матчқа болжамды құрамдар:
Италия: Доннарумма, Калафьори, Бастони, Скалвини, Кайоде, Тонали, Думбия, Барелла, Себастьяно Эспозито, Вергара, Пио Эспозито.
Франция: Маньян, Гюсто, Жаке, Упамекано, Труффер, Рабьо, Да Кунья, Олисе, Барколя, Шерки, Дуэ.

Айта кетейік, Килиан Мбаппенің бұл кездесуге қатысуы әзірге белгісіз.
Төрт турдан кейін Франция құрамасы 10 ұпаймен А1 тобында көш бастап тұр. Италия жеті ұпаймен екінші орында. Бельгияның еншісінде алты ұпай болса, Түркия әзірге бірде-бір ұпай жинаған жоқ.
Командалар алдыңғы өзара матчта 1:1 есебімен тең түсті. Енді италиялықтар топ көшбасшысынан қалып қойған айырманы қысқартуға, ал француздар соңғы тур қарсаңында өз орнын нығайтуға тырысады.