Қорғаныстың толық күйреуі: «Қайрат» ойыншыларының «Панатинаикосқа» қарсы матчтағы бағалары
«Қайрат» Конференциялар лигасының негізгі кезеңі екінші турындағы матчта грек елінің «Панатинаикос» командасынан ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Рафаэль Уразбахтин шәкірттері өз алаңында 1:5 есебімен сұмдық жеңіліске ұшырады. Мұндай ойын алматылық команда футболшыларының матчтағы бағаларына да әсер етті.
Livescore порталының нұсқасы бойынша, «Қайрат» сапындағы үздік ойыншы Исмаил Бекболат болды. Ол алаңға қосалқы құрамнан шығып, командасының жалғыз голын соқты. Оның ойыны 7,4 ұпайға бағаланды. 7,3 ұпайды голдық пас авторы Александр Широбоков алды.
Алаң иелері сапындағы ең нашар ойыншы бес гол жіберіп алған Темірлан Анарбеков болды. Қазақстандық қақпашыға небәрі 4,6 ұпай қойылды. Жалпы, Қазақстан чемпионының қорғаныс шебі матч қорытындысы бойынша өте төмен бағаларға ие болды.
Конференциялар лигасының екі турында алматылық команда еншісінде бір ғана ұпай қалды. 5 қарашада Уразбахтин шәкірттері сырт алаңда италиялық «Аталантаға» қарсы ойнайды.
Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде «Қайрат» сонымен қатар Крайова қаласының румыниялық «Университатейімен», нидерландтық «Твентемен» және швециялық «Мьельбюмен» кездеседі.
