locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жанкүйерлер қуанады: УЕФА Евро-2028-де ФИФА шешіміне қарсы шығады

Евро-2028-де міндетті салқындату үзілістері болмайды
Жанкүйерлер қуанады: УЕФА Евро-2028-де ФИФА шешіміне қарсы шығады
ФОТО: Getty Images

УЕФА 2028 жылғы Еуропа чемпионатында міндетті түрде «салқындату үзілістерін» енгізуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Sports24.kz.

The Telegraph мәліметінше, әлемдік футболдың басты органы өз ережесін өзгертпейді: «cooling break» тек ауа температурасы +35 градустан асқанда ғана міндетті түрде қолданылады (балалар турнирлерінде бұл шектеу үш градусқа төмендетілген).

Басқа жағдайларда ойыншылардың салқын сусын ішіп, тынығуы үшін матчты тоқтату — төрешінің қалауына байланысты.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатында мұндай үзілістер әр таймда екі рет өткізіледі. Дәл осы сәттерде трансляция операторы жарнама көрсетеді — бұл стадиондағы жанкүйерлердің наразылығын туғызып, олар үзілістерге ысқырып, қарсылық білдірген еді.

Евро-2028 Ұлыбритания мен Ирландияда өтеді. Бұл елдерде әзірге континенталды Еуропадағыдай аномальды ыстық жаз тіркелген жоқ.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie