locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мбаппе Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік бес сұрмергеннің қатарына енді

Франциялық шабуылшы «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Раульден озып, басты еурокубоктағы голдар саны бойынша алға шықты
Мбаппе Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік бес сұрмергеннің қатарына енді
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде бесінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Мбаппе «Ромамен» (4:3) өткен матчта гол соғып, Чемпиондар лигасындағы голдар санын 72-ге жеткізді. Осылайша ол «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы Раульден озып кетті. Испаниялық футболшының еншісінде 71 гол бар.

«Реал» Римде голдар додасын ұйымдастырып, матчта камбэк жасады: видео

Сондай-ақ римдік клубқа қарсы кездесу француз футболшысы үшін Чемпиондар лигасындағы 100-матч болды. Осылайша Мбаппе турнирде 100 ойын өткізген ең жас футболшы атанып, рекорд орнатты.

Чемпиондар лигасында кім көп гол соққан?

Тарихи рейтингтің көшін 140 гол соққан Криштиану Роналду бастап тұр. Екінші орында 129 голы бар Лионель Месси орналасса, үздік үштікті 109 гол соққан Роберт Левандовски түйіндейді.

Төртінші орында 90 голы бар Карим Бензема тұр. Ал 72 гол соққан Мбаппе бесінші сатыға жайғасып, көрсеткішін жақсартуды жалғастырып келеді.

«Матч 90 минутқа созылады»: Моуринью Чемпиондар лигасында «Реалдың» «Ромаға» қарсы камбэгін түсіндірді

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie