«Бернли» - «Вулверхэмптон»: Сатпаев алаңға шыға ма, матчты қайдан көруге болады және болжамды құрам
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін ағылшындық «Бернли» Чемпионшиптің 11-туры аясында «Вулверхэмптонға» қарсы өз алаңында матч өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу 16 қазаннан 17 қазанға қараған түні «Терф Мур» стадионында өтеді. Қазақстан уақытымен матчтың басталу ысқырығы түнгі сағат 00:00-де естіледі. Ойынның тікелей трансляциясын осы сілтеме арқылы көруге болады.
Он турдан кейін «Бернли» сегіз ұпай жинап, турнир кестесінде 21-орында тұр. Алдыңғы матчта команда «Чарльтонмен» 2:2 есебімен тең түсті.
Ал «Вулверхэмптон» өткен маусымда АПЛ-де өнер көрсетіп, турнирді соңғы орында аяқтады. Нәтижесінде «Бернли» клубымен бірге Чемпионшипке түсіп қалды. Команда тоғыз матч өткізіп, 14 ұпай жинады және турнир кестесінде 10-орында келеді.
Болжамды құрам
Flashscore порталы «Бернлидің» алдағы матчтағы болжамды құрамын жариялады. Дастан Сәтпаев негізгі құрамдағы 11 ойыншының қатарына енбеді.
Кудер; Уокер, Ахмедходжич, Игор Жулио, Лукас Пирес; Хатате, Аллейн, Лорент; Рамазани, Ларсен, Варди.

Еске салайық, Сәтпаев соңғы рет 10 қазанда алаңға шықты. Сол күні «Бернли» сырт алаңда «Уотфордты» 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Бұл кездесуде 18 жастағы қазақстандық шабуылшы алаңға қосалқы құрамнан шығып, шамамен 20 минут ойнады. Бұған дейін ол санның артқы бұлшықетінің жарақатына байланысты бір айдан астам уақыт матчтарға қатыспады. Осылайша, футболшы қыркүйек айының басынан бері алғаш рет алаңға оралды.
«Чарльтонға» қарсы соңғы матчта Дастан алаңға шыққан жоқ. Кездесуден кейін «Бернлидің» бас бапкері Никки Хайен мұны «Челсидің» қазақстандық футболшыға ойнауға рұқсат бермеуімен түсіндірді.
«Бернли» бапкерінің Сәтпаевқа қатысты «Челсидің» нұсқауларына көңілі толмайды.