locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бернли» бапкері «Челсидің» тыйымынан кейін Сатпаевтың оралатынын мәлімдеді

Никки Хайен Дастанның «Вулверхэмптонға» қарсы матчқа өтінімге қайта қосылатынын айтты
«Бернли» бапкері «Челсидің» тыйымынан кейін Сатпаевтың оралатынын мәлімдеді
ФОТО: Getty Images

Англиялық «Бернли» клубының бас бапкері Никки Хайен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев келесі матчта алаңға орала алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

18 жастағы шабуылшы жарақатына байланысты бір айға жуық уақыт бойы алаңға шықпай, 10 қазанда «Уотфордқа» қарсы матчта алғаш рет ойнады.

Алайда одан кейінгі «Чарльтонға» қарсы кездесуде Сатпаев ойынға қатысатын футболшылар тізіміне енбеді. Матчтан кейін «Бернли» бапкері «Челсидің» қазақстандық футболшыға алаңға шығуға рұқсат бермегенін мәлімдеді.

«Ол ертеңгі матчқа қайтадан өтінімге қосылды. Дегенмен, оның алаңда өткізетін уақытына тағы да шектеу қойылады», - деді Хайен.

Сондай-ақ бапкер Сатпаевтың команда үшін маңыздылығын атап өтіп, қазақстандық футболшының қалпына келуіне не себепті сақтықпен қарау керектігін түсіндірді.

«Егер бір апта ішінде үш матч өткізсеңіз, ойыншының қайта жарақат алып қалмауы үшін жүктемені мұқият бақылау қажет. Өкінішке қарай, ол «Чарльтонға» қарсы ойында бізге көмектесуі мүмкін еді, бірақ амал қанша. Дегенмен, ол ертеңгі матчқа қайтадан құрамға қосылды. Алайда ойын уақытына шектеу қойылады», - деп қосты маман.

Келесі матчта «Бернли» «Вулверхэмптонмен» кездеседі. Ойын 16 қазаннан 17 қазанға қараған түні «Терф Мур» стадионында өтеді. Қазақстан уақыты бойынша кездесу түнгі сағат 00:00-де басталады.

«Бернли» — «Вулверхэмптон»: Сатпаев ойнай ма, матчты қайдан көруге болады және ықтимал құрам

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie