Нұрәлі Әліп — Македониямен тең ойнау туралы: Ең бастысы — бізге сенуге болатынын дәлелдедік
Қазақстан ұлттық құрамасы мен Санкт-Петербургтің «Зенит» командасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп Солтүстік Македонияға қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі сырт алаңдағы матчтың 1:1 есебімен аяқталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazsport.
«Бас бапкермен толық түсіністік бар — біз бір толқындамыз. Талғат Әмірғалиевичтің мінезі керемет, әзіл-қалжыңы да бар, командада атмосфераны керемет ұстап тұрады. Біз оның жұмысына толықтай сенеміз, әрі ұжымға басшылық етуін жоғары бағалаймыз», — деді Әліп.
Футболшы македониялықтарға қарсы матчта ерекше мотивация болғанын жасырмады:
«Шынымды айтсам, бүгін гол салуды армандадым. Жеті жылдан бері ұлттық құрамаға шақырылып жүрмін, бірақ әлі гол соққан жоқпын. Үйдегі жеңілістен кейін көпшілік бізге сенуден қалған еді, сонда жігіттерге айттым: біз жеңуіміз керек деп. Мүмкіндіктер болды — әсіресе Артур Шушеначевте. Жаттығуда сондай голдарды салатын, бүгін сәттілік жетіспеді. Ең бастысы — сағымды сындырмай, әрі қарай еңбектену керек».
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Скопьеде Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең түсіп, өте маңызды ұпайға қол жеткізді. Бұл нәтиже қазақстандықтарға жеті ұпай жинап, J тобында төртінші орынды сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Келесі матч 15 қарашада Астанада өтеді. Қарсылас — топ көшбасшысы Бельгия құрамасы.
Сонымен қатар Мұхаммеджан Сейсен матчтан кейін ерекше өтінішпен жүгінді.