locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Көз жасына ерік берді: қазақстандық боксшы финалда жеңілгеннен кейін жылады. Видео

Бұл 2026 жылғы Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасының финалынан кейін болды
Бокс
ФОТО: НОК РК

Қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының финалында жеңілгеннен кейін эмоциясын тежей алмады, деп хабарлайды Sports24.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші жекпе-жегінде ол Бразилия өкілі Сара Кампоспен кездесті. Бразилиялық боксшы төрешілердің жекелеген шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Тұрсынғали алғашқы раундты өз пайдасына аяқтағанымен, екінші раундта нокдаунға түсті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберіп, Олимпиада алтынын ала алмады.

Марапаттау рәсімі кезінде Ақнұр көз жасына ерік берді. Осы әсерлі сәт түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Осылайша, Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасындағы жарысты күміс медальмен аяқтады.

Қазақстан қоржынына бокстан екінші күміс медальді Бибарыс Аширбай салды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші жекпе-жегінде отандасымыз Ұлыбритания өкілі Майкл Моэнмен кездесті. Британдық боксшы алғашқы раундтан-ақ басымдықты өз қолына алды. Нәтижесінде ол 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie