locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мбаппесіз ойнаған Зидан Франция құрамасының тізгінінде алғаш рет жеңіліске ұшырады

Ұлттар лигасының бесінші турында Франция құрамасы Майкл Олисенің жылдам голына қарамастан, Италияға есе жіберді
Футбол
Мбаппесіз ойнаған Зидан Франция құрамасының тізгінінде алғаш рет жеңіліске ұшырады
ФОТО: Getty images
УЕФА Ұлттар Лигасы. А Лигасы
12.11.2026, Аяқт.
Италия
3
Франция
1

Зинедин Зидан жаттықтыратын Франция құрамасы жаңа бапкердің жетекшілігімен алғашқы жеңілісіне ұшырады. УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында Килиан Мбаппесіз алаңға шыққан француздар Италиядан 1:3 есебімен ұтылды. Қонақтар есепті бірінші болып ашқанымен, басымдығын сақтап қала алмады, деп хабарлайды Sports24.kz.

12 қарашада Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында өткен кездесудің алғашқы минуттары Франция үшін сәтті басталды. Оныншы минутта Майкл Олисе мергендігімен көзге түсіп, командасын алға шығарды. Алайда алаң иелері үзіліске дейін таразы басын теңестірді. 26-минутта «Интердің» 21 жастағы шабуылшысы Франческо Пио Эспозито қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Екінші таймда италиялықтар есепте алға шығуға тамаша мүмкіндік алды. Дегенмен 60-минутта Себастьяно Эспозито пенальтиден допты қақпадан асыра теуіп, мүмкіндігін мүлт жіберді. Соған қарамастан Роберто Манчини шәкірттері шабуылын бәсеңдеткен жоқ. Арада үш минут өткенде Давиде Фраттези мергендік танытып, кездесудің бағытын өзгертті.

75-минутта Пио Эспозито тағы бір он бір метрлік айып добын сәтті орындап, дубль авторы атанды. Осылайша, жас шабуылшы Италияның жеңісіне сүбелі үлес қосып, Зиданның Франция тізгініндегі алғашқы сәтсіздігіне себепкер болды.

УЕФА Ұлттар лигасы. А лигасы. 1-топ. 5-тур
Италия – Франция – 3:1
Голдар:
Пио Эспозито, 26, 75 (пенальти), Фраттези, 63 – Олисе, 10.
Жүзеге аспаған пенальти: Себастьяно Эспозито, 60 (Италия).

Бұл жеңістен кейін Италия құрамасы ұпай санын онға жеткізіп, өзара кездесулердегі басымдығының арқасында А1 тобында бірінші орынға көтерілді. Дәл осынша ұпай жинаған Франция екінші сатыға жайғасса, тоғыз ұпайы бар Бельгия үздік үштікті түйіндеп тұр.

Топтық кезеңнің соңғы турында италиялықтар 16 қарашада Бельгияға қонаққа барады. Ал Зидан шәкірттері өз алаңында Түркияны қабылдайды. Екі кездесу де Қазақстан уақытымен сағат 00:45-те басталады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie