locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Неліктен дәл Қазақстан?»: нидерланд жанкүйерлері ұлттық құраманың жаңа бапкеріне қатысты пікір білдірді

Джон ванʼт Схиптің отанында бұл қадамды түсінбеді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Неліктен дәл Қазақстан?»: нидерланд жанкүйерлері ұлттық құраманың жаңа бапкеріне қатысты пікір білдірді
ФОТО: КФФ

7 тамызда нидерландтық маман Джон ванʼт Схип ресми түрде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Жаңа бапкердің отанында мансаптағы бұл өзгеріске, жұмсақ айтқанда, екіұшты көзқарас танытты, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Х» әлеуметтік желісінде нидерланд жанкүйерлері ванʼт Схиптің Қазақстан құрамасына тағайындалуына пікір білдіріп, мұндай қадамнан кейін оны жоғары деңгейдегі бапкер деп санау қиын деген ойда:

  • «Қазақстан... кім мұндай құраманың бас бапкері болғысы келмейді дейсіз?»
  • «Оның агенті нағыз мықты екен»
  • «Дегенмен, соңғы жылдары олар шынымен күшейді, әрі қатарларында нағыз вундеркинд — Сатпаев бар»
  • «Джонға тек сәттілік тілеймін, бірақ неге дәл Қазақстан?!»
  • «Жақсы адам, бірақ оны жоғары деңгейдегі бапкер деп қабылдау қиын»

Айта кетейік, БАҚ мәліметінше, ванʼт Схип ҚФФ-мен келісімшартты небәрі төрт айға ғана жасаған.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie