locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нани Роналдуға ұлттық құрамадан кеткеннен кейін үндеу жолдады

Португалиялық футболшы бұрынғы командаласын барлық уақыттағы үздік ойыншы деп атады
Футбол
Нани Роналдуға ұлттық құрамадан кеткеннен кейін үндеу жолдады
ФОТО: instagram.com/luisnani

«Ақтөбе» мен Португалия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Луиш Нани Криштиану Роналдудың ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын жариялағаннан кейін оған әсерлі үндеу жолдады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Роналдумен ұзақ жылдар бойы бірге ойнаған португалиялық футболшы оны жарқын мансабымен құттықтап, ұлттық құрама мен жанкүйерлер үшін атқарған еңбегін ерекше атап өтті.

«Құттықтаймын, бауырым! Сенің бұл керемет әрі ұлы жолың бізге шабыт беріп, португалиялықтардың әлемдегі ең үздік бола алатынына сендірді. Сен халқымыз бен ұлттық құрамамыз үшін мақтаныш сезімін сыйладың.

Мен үшін сен – барлық уақыттағы ең үздік футболшысың. Бұл тек шеберлігің мен құрама үшін атқарған еңбегіңе ғана байланысты емес. Сенің әрқайсымыз үшін қандай мәнге ие болғаның да маңызды», – деп жазды Нани.

Сондай-ақ «Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысы Роналдумен бірге өткізген жылдарын еске алып, олардың арасындағы келіспеушіліктердің өзі жақсы жаққа өзгеруге көмектескенін атап өтті.

«Біз жиі пікірталасып, бір-бірімізбен келіспей қалған кездерде де бірге дамуды, үйренуді және күшейе түсуді жалғастырдық. Бұл үшін де саған қарыздармыз. Көп рақмет, капитан! Сенің Португалия мен әрқайсымыз үшін жасаған еңбегің ешқашан ұмытылмайды», – деп толықтырды португалиялық футболшы.

Еске салайық, 5 қарашада 41 жастағы Криштиану Роналду 23 жылға созылған халықаралық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Осы уақыт ішінде шабуылшы Португалия құрамасы сапында 234 матч өткізіп, 146 гол соғып, 45 нәтижелі пас берді.

Ұлттық құрама сапында ол 2016 жылы Еуропа чемпионы атанып, УЕФА Ұлттар лигасын екі рет жеңіп алды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie