locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кравец «Барыстың» «Адмиралға» қарсы матчтағы құрамын атады

Владивостоктағы кездесудің алғашқы ысқырығы Астана уақытымен 14:30-да естіледі
Хоккей
Кравец «Барыстың» «Адмиралға» қарсы матчтағы құрамын атады
ФОТО: ХК «Барыс»

4 қарашада ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы матч өтеді. Бұл кездесуде астаналық «Барыс» сырт алаңдағы сериясын жалғастырып, Владивостоктың «Адмиралына» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.

«Адмирал» — «Барыс»: ҚХЛ матчының тікелей трансляциясы. Онлайн көру

Астаналық команданың бас бапкері Михаил Кравец ойынға шығатын құрамды жариялады.

«Барыстың» құрамы:

Шутов (Шепард);

Логвин - Пилон - Бэйли, Масси - Дэй;

Симонов - Морелли - Томпсон, Маккошен - Данияр;

Омирбеков - Шестаков - Қайыржан, Бритиков - Приски;

Саркенов - Шайхмедденов - Асетов, Ляпунов - Бекетаев.

22 матчтан кейін «Барыс» 25 ұпай жинады, ал «Адмиралдың» еншісінде 23 ұпай бар.

Алдыңғы матчында Қиыр Шығыс командасы өз айдынында санкт-петербургтік СКА-ны 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Ал астаналықтар сырт алаңда челябілік «Тракторға» 1:2 есебімен есе жіберді.

Командалар биылғы маусымда 21 қазанда Владивостокта кездескен. Сол ойында «Адмирал» овертаймда 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Ресми турнирлердегі соңғы бес өзара кездесуде «Барыс» қарсыласын екі рет жеңген. Алайда қазір қазақстандық клубтың «Адмиралға» қарсы матчтардағы жеңіліс сериясы қатарынан үш ойынға жетті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie