locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Моуринью «Реалдың» трансферлік терезесінің жабылғанын мойындады, бірақ бір мәселе бар

Біреу кеткісі келуі мүмкін, бірақ португалиялық маман оған үміттенбейді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Моуринью «Реалдың» трансферлік терезесінің жабылғанын мойындады, бірақ бір мәселе бар
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуринью командаға жаңа трансферлер жасала ма деген сұраққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Португалиялық маман құрамның толық жасақталғанын мойындады, сондықтан трансферлік терезе жабылғанша командаға жаңа ойыншылар қосылады деп күтпейді. Сонымен қатар, біреудің кетуі де екіталай дейді:

«Мен үшін құрам жасақталды. Бірақ трансферлік нарық ашық тұр. Не болатынын ешқашан білмейсің. Мысалы, бір ойыншы маған келіп, мені екі ойынға қосалқыға қалдырғаным үшін кеткісі келетінін айтса, таңғаламын. Бірақ мен бұған сенбеймін.

Сол сияқты, президент немесе Хосе Анхель маған керемет ұсыныспен хабарласады деп ойламаймын. Менің ойымша, трансферлік науқан аяқталды. Егер біреу кетіп қалса, оған қуана қоймаспын. Осы құрамды сақтағым келеді», — деді Моуринью Diario As басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, жазғы трансферлік терезеде «Реал» Ян Диоманде, Марк Кукурелья, Дензел Думфрис, Ибраима Конате, Бернанду Силва және Карлос Эспиді қатарға қосты, ол қазірдің өзінде «корольдік клуб» сапында Испания чемпионатындағы алғашқы голын соғып үлгерді.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie