locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Месси кеткеннен кейін Аргентина құрамасы Уругвайдан жеңілді

Аргентина құрамасы Мессисіз өткен алғашқы матчында Уругвайға 1:2 есебімен есе жіберді
Футбол
Месси кеткеннен кейін Аргентина құрамасы Уругвайдан жеңілді
ФОТО: Getty images
Халықаралық жолдастық кездесу
13.11.2026, Аяқт.
Аргентина
1
Уругвай
2

Аргентина ұлттық құрамасы Уругвайға қарсы жолдастық кездесуде жеңіліске ұшырады. Буэнос-Айрестегі әйгілі «Бомбонера» стадионында өткен ойында әлемнің қазіргі чемпиондары оңтүстікамерикалық қарсыласына 1:2 есебімен жол берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алғашқы таймда қос құрама да есеп аша алмады. Екі тарап қарсылас қорғанысынан саңылау іздегенімен, үзіліске дейін жасалған шабуылдар нәтижесіз аяқталды. Ал кездесудің негізгі оқиғалары екінші таймда өрбіді.

Үзілістен кейін көп ұзамай аргентиналық қорғаушы Леонардо Балерди допты өз қақпасына жіберіп алып, Уругвайдың алға шығуына себепкер болды. 53-минутта Максимилиано Араухо есеп айырмасын екі допқа жеткізіп, алаң иелерінің жағдайын қиындата түсті.

Екі гол жіберіп алған аргентиналықтар ойын тізгінін өз қолына алуға тырысып, қарсылас қақпасына қысымды күшейтті. 73-минутта Хулиан Альварес мергендік танытып, есеп айырмасын қысқартты. Бұл гол кездесудің соңғы бөлігін қыздыра түскенімен, алаң иелері таразы басын теңестіре алмады.

Осылайша, Уругвай Буэнос-Айресте маңызды жеңіске қол жеткізсе, Аргентина құрамасы өз жанкүйерлерінің алдында қарсыласына есе жіберді.

Жолдастық кездесу

Аргентина – Уругвай – 1:2 (0:0)

Голдар: Альварес, 73 – Балерди, 48 (автогол), Араухо, 53.

Аргентина құрамасы келесі жолдастық кездесуін 18 қарашада Коста-Рикаға қарсы өткізеді. Сол күні Уругвай Доминикан Республикасымен кездеседі.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie