Месси ӘЧ-2026-да қашан және кімдерге қарсы ойнайды? Аргентина құрамасының толық кестесі
Аргентина құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы матчтарының кестесі белгілі болды. Лионель Месси бастаған команда J тобында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Әлемнің қазіргі чемпиондары топтық кезеңде Алжир, Аустрия және Иордания құрамаларымен кездеседі.
Аргентина ӘЧ-2026 турниріндегі алғашқы матчын қашан өткізеді?
Аргентиналықтар алғашқы ойынын 17 маусымда Алжирге қарсы өткізеді. Кездесу АҚШ-тың Канзас-Сити қаласындағы Arrowhead Stadium аренасында өтеді. Матч Астана уақытымен 06:00-де басталады.
Екінші турда Лионель Скалони шәкірттері Аустрия құрамасымен кездеседі. Ойын 22 маусым күні 22:00-де өтеді.
Топтық кезеңдегі соңғы матчында Аргентина Иорданиямен ойнайды. Кездесу 28 маусымға қараған түні 07:00-де басталады.
Сонымен қатар аргентиналықтар матчтарының бір бөлігін АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium аренасында өткізеді.

Аргентина құрамасының ӘЧ-2026 матчтары
17 маусым
Аргентина - Алжир - 06:00
22 маусым
Аргентина - Аустрия - 22:00
28 маусым
Иордания - Аргентина - 07:00
Аргентина - әлемнің қазіргі чемпионы
Аргентина құрамасы әлем чемпионатын үш рет жеңіп алған - 1978, 1986 және 2022 жылдары.
Қазіргі таңда аргентиналықтар - әлемнің қазіргі чемпиондары. Олар Катарда өткен ӘЧ-2022 финалында Францияны пенальти сериясында жеңіп, футбол тарихындағы ең драмалық финалдардың бірінде чемпион атанған болатын.

Бұған дейін Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасының да ӘЧ-2026 турниріндегі матч кестесі белгілі болған еді.