locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әлем чемпионатын ең көп жеңген құрамалар: ӘЧ-2026 қарсаңындағы тарихи шолу

ӘЧ-2026 басталар алдында әлемдегі ең титулды құрамаларға шолу
Әлем чемпионатын ең көп жеңген құрамалар: ӘЧ-2026 қарсаңындағы тарихи шолу
ФОТО: Getty images

2026 жылғы әлем чемпионатының басталуына санаулы күндер қалды. Төрт жылда бір өтетін басты футбол додасы 11 маусымда АҚШ, Мексика және Канадада басталады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Тарихта алғаш рет мундиаль бірден үш мемлекетте өтпек. Сонымен қатар бұл әлем чемпионаты ең ауқымды турнир болғалы тұр - жарысқа 48 құрама қатысады.

Әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде өтеді.

Әлем чемпионатын ең көп жеңген құрамалар

Әлем чемпионаты тарихындағы басты рекорд Бразилия құрамасына тиесілі. «Селесао» бес рет әлем чемпионы атанды - 1958, 1962, 1970, 1994 және 2002 жылдары.

ФОТО: Getty images

Төрт чемпиондық атақтан Германия (1954, 1974, 1990, 2014) мен Италияның (1934, 1938, 1982, 2006) қоржынында бар.

ФОТО: Getty images

Аргентина құрамасы әлем кубогын үш рет жеңіп алды - 1978, 1986 және 2022 жылдары.

Франция (1998, 2018) мен Уругвайдың (1930, 1950) еншісінде екі титулдан бар. Айта кетерлігі, дәл уругвайлықтар футбол тарихындағы алғашқы әлем чемпиондары атанған.

Ал Англия (1966) мен Испания (2010) әлем чемпионатын бір реттен ғана жеңген.

Әлем чемпиондарының титулдары

1.Бразилия - 5 титул (1958, 1962, 1970, 1994, 2002)
2.Германия - 4 титул (1954, 1974, 1990, 2014)
3.Италия - 4 титул (1934, 1938, 1982, 2006)
4.Аргентина - 3 титул (1978, 1986, 2022)
5.Франция - 2 титул (1998, 2018)
6.Уругвай - 2 титул (1930, 1950)
7.Англия - 1 титул (1966)
8.Испания - 1 титул (2010)

ӘЧ-2026 турнирін Қазақстанда қайдан көруге болады?

Қазақстандық жанкүйерлер 2026 жылғы әлем чемпионатының матчтарын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie