locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Роналду ӘЧ-2026-да қашан және кімдерге қарсы ойнайды? Португалияның толық кестесі

Роналдудың Португалия құрамасының әлем чемпионатындағы ойын кестесі белгілі болды
Роналду ӘЧ-2026-да қашан және кімдерге қарсы ойнайды? Португалияның толық кестесі
ФОТО: Getty images

Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жолын Конго ДР құрамасына қарсы матчпен бастайды. Португалия құрамасының топтық кезеңдегі ойындарының кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Португалия K тобында сынға түседі. Бұл топта Роберто Мартинес шәкірттеріне Өзбекстан, Колумбия және Конго ДР құрамалары қарсылас болады.

Португалияның ӘЧ-2026 матчтарының кестесі

Португалиялықтар алғашқы кездесуін 17 маусымда Конгоға қарсы өткізеді. Ойын АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы NRG Stadium аренасында өтеді. Басталуы - Астана уақытымен 22:00.

Екінші турда Португалия құрамасы Өзбекстанмен кездеседі. Матч 23 маусым күні 22:00-де басталады.

Топтық кезеңдегі соңғы ойынын Роналду бастаған команда 28 маусымға қараған түні Колумбияға қарсы өткізеді. Кездесу 04:30-да басталады.

ФОТО: Getty images

Португалия құрамасының ӘЧ-2026 матчтары

17 маусым
Португалия - ДР Конго - 22:00

23 маусым
Португалия - Өзбекстан - 22:00

28 маусым
Колумбия - Португалия - 04:30

ФОТО: Getty images

Бұл Роналду үшін соңғы әлем чемпионаты болуы мүмкін

Алдағы мундиаль Криштиану Роналду үшін мансабындағы алтыншы әлем чемпионаты болмақ. Көпшілік бұл турнирді аңызға айналған шабуылшының әлем футболындағы басты трофейді жеңіп алуға арналған соңғы мүмкіндігі деп бағалап отыр.

Португалия құрамасымен Роналду 2016 жылы Еуропа чемпионатын жеңіп алған. Сонымен қатар ол Ұлттар лигасының екі дүркін жеңімпазы атанды.

Бұған дейін Sports24.kz Криштиану Роналдудың әлем чемпионаттарындағы толық жолын еске алған болатын.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.

ФОТО: Getty images
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie