Шавкат Рахмонов UFC-ке оралуы туралы егжей-тегжейін ашты
Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов 2027 жылы UFC-дегі өнерін қайта бастауға дайындалып жатыр. Сондай-ақ оның денсаулық жағдайы және промоушеннің Қазақстанда турнир өткізу мүмкіндігі туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Рахмонов қазақстандық файтердің октагонға қайта оралуға дайындалып жатқаны туралы баяндаған ресейлік журналист Игорь Лазориннің видеосымен бөлісті.
Журналистің айтуынша, қазір файтердің тізесіне қатысты мәселе жоқ, жарақаты да қайталанбаған. Рахмонов жаттығуын жалғастырып, 2027 жылы оралуды көздеп отыр. Сондай-ақ 2027 жылы Қазақстанда UFC турнирін өткізу ықтималдығы туралы ақпарат тарады. Лазориннің сөзінше, осы бағыттағы жұмыс басталып кеткен.
Қосымша ақпаратты «Вестник ММА» Telegram-арнасы жариялады. Арна мәліметінше, қазақстандық файтер келесі жылдың сәуір айын октагонға оралуы мүмкін мерзім ретінде қарастырып отыр. Дегенмен, көп нәрсе спортшының физикалық бабына және ағзасының жүктеменің артуына қалай жауап беретініне байланысты болады.
Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде өткізді. Ол кезде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.
Одан кейін қазақстандық файтер аяғына ота жасатты. 2026 жылдың ақпанында жарақаты қайталанып, Германияда қайтадан хирургиялық ота жасау қажет болды.
Рахмоновтың кәсіпқой мансабында 19 жекпе-жекте 19 жеңісі бар. UFC-де ол жеті кездесуінде жеңіске жетті.