locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Манчестер Юнайтед» ірі трансфер жасай алады

«Қызыл шайтандар» жаңа маусым алдында құрамын күшейтуді жалғастыруда
«Манчестер Юнайтед» ірі трансфер жасай алады
ФОТО: Getty Images

«Эвертонның» көшбасшысы Илиман Ндиайе «Олд Траффордта» өнер көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Белгілі журналист әрі инсайдер Экрем Конур X әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Манчестер Юнайтед» басшылығы «иристердің» жұлдызы Илиман Ндиайемен келісімшартқа отыру мүмкіндігін шындап қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Хабарланғандай, 26 жастағы Ндиайе «иристермен» жаңа келісімшартқа қол қоюдан бас тартып, жақын болашақта клубтан кеткісі келетінін аңғартқан.

Биылғы маусымда сенегалдық жартылай қорғаушы «Эвертон» сапында 34 матч өткізіп, 6 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. Оның клубпен қазіргі келісімшарты 2029 жылға дейін жарамды, ал Transfermarkt бағалауынша, нарықтық құны 55 миллион еуроны құрайды.

Айта кетейік, бұған дейін «Манчестер Юнайтед» қымбат трансферден соң үш ойыншысын сатады деп хабарланған болатын. «Аталанта» сапынан жартылай қорғаушы Эдерсонды сатып алу келісімі іс жүзінде аяқталған соң, «Олд Траффордта» Мануэль Угарте, Джошуа Зиркзее және Андре Онананы сатуға дайын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie