«Манчестер Юнайтедтің» топ-менеджері Аморимнің жұмысына қатысты пікір білдірді
Рубен Аморим «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері қызметіндегі мерзімін аяқтағанымен, клубтың жоғары басшылығы португалиялық маманмен болған кезеңді толық сәтсіздік деп санамайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Манчестер Юнайтедтің» бас директоры Омар Беррада бәрі жоспар бойынша өтпегенін мойындады, дегенмен Аморим командаға оң әсерін тигізгенін атап өтті:
«Бұл жағдайды ақ-қара деп сипаттай алмаймын. Иә, күткендей нәтиже болмады, бірақ Рубенге алғыс айтуға тұрарлық көп дүние бар деп ойлаймын. Ол киім ауыстыратын бөлмедегі стандарттарды жоғарылатуға көмектесті.
Мен оның болашақта мықты бапкер боларына сенімдімін және оған сәттілік тілеймін. Бірақ біз өзгерістер қажет деп шештік, әрі бұл шешіміміз ақталды», — деді Беррада.
Айта кетейік, Аморим «Манчестер Юнайтедті» 2024 жылдың қарашасынан 2026 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Португалиялық маманнан кейін команданың басына Майкл Каррик келіп, өз міндетін толық атқарып, ұжымды Чемпиондар лигасына қайта алып шықты, сол үшін толыққанды келісімшартқа ие болды.