locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Әр шешімді бірге талқылаймыз»: Аргентина бапкері Мессидің ерекше рөлін мойындады

Лионель Скалони аргентиналық жұлдыздың келісімінсіз ештеңе шешпейді
«Әр шешімді бірге талқылаймыз»: Аргентина бапкері Мессидің ерекше рөлін мойындады
ФОТО: Getty Images

Лионель Месси Аргентина құрамасы үшін аса маңызды ойыншы екені ешкімге құпия емес. Тіпті «альбиселесте» бас бапкері Лионель Скалони алаңда ғана емес, одан тыс та Мессиге сенім артады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әлем чемпиондарының бас бапкері кез келген шешім қабылдар алдында бірнеше мәрте «Алтын доп» иегерімен ақылдасатынын мойындады:

«Мен Мессимен ақылдаспай ешқандай шешім қабылдамаймын. Барлығын өзім басқарамын деу — қисынсыз. Біз әрдайым қабылдайтын әрбір шешімді Мессимен бірге талқылаймыз. Мен одан не ойлайтынын, жағдайының қалай екенін сұраймын, және біз ылғи ортақ пікірге келуге тырысамыз», — деді бапкер «Olé» басылымына берген сұхбатында.

Аргентина құрамасы әлем чемпионы атағын қорғауды топтық кезеңде Алжир, Австрия және Иорданияға қарсы ойындардан бастайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie