«Арсенал» шабуылшысы АПЛ-дегі клубын өзгертуі мүмкін
«Арсенал» шабуылшысы Габриэль Жезус басқа клубта мансабын жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
«Эвертон» 29 жастағы шабуылшыға айтарлықтай қызығушылық танытып отыр.
«Эвертонға» қажет
Журналист әрі инсайдер Экрем Конурдың X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазуынша, «Эвертон» 29 жастағы бразилиялық шабуылшыны қатарына қосу мүмкіндігін шындап қарастыруда.
Хабарланғандай, «Эвертон» басшылығы Жезусты Премьер-лигадағы тәжірибесінің арқасында шабуылды күшейтетін ойыншы ретінде көреді және бразилиялық футболшының мансабының ең жарқын кезеңдерін қайта жалғастыра алатынына сенеді.
Серия А-дан да қызығушылық бар
«Эвертоннан» бөлек, Жезустың жағдайын Италия Серия А-сының үздік клубтары, атап айтқанда «Милан» мен туриндік «Ювентус» та бақылауда ұстап отыр.
Осы маусымда Габриэль «Арсенал» сапында 27 матч өткізіп, 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Қазіргі келісімшарты «Арсеналмен» 2027 жылға дейін жасалған, ал Transfermarkt дерегі бойынша трансферлік құны 17 миллион еуроны құрайды.
Бұған дейін «Арсенал» жұлдызының Ла Лига үшін клубтан кетуі мүмкін екені хабарланған болатын.