locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

60 жанкүйер әлем чемпионатының матчтарына тегін билет алды, бірақ бір нюанс бар

Билеттер ФИФА-ның техникалық қатесінің салдары болды, ал оның құнын жанкүйерлер өтейді
60 жанкүйер әлем чемпионатының матчтарына тегін билет алды, бірақ бір нюанс бар
ФОТО: Getty Images

Шамамен 60 жанкүйер ФИФА-ның техникалық қателігін пайдаланып, әлем чемпионаты матчтарына тегін билет алды. Дегенмен, бұл билеттерді қолдану үшін бір шарт бар, деп хабарлайды Sports24.kz.

BBC мәліметінше, бұл оқиға Торонто стадионында болған, алайда қай матчтардың "диверсияға" ұшырағаны анықталған жоқ. ФИФА өз қатесін мойындап, билет иелеріне хабарласқан, бірақ… оларға билеттер бір аптаға резервтелгенін және толық құнын төлеу қажет екенін жеткізген.

Егер бір апта ішінде төлем жасалмаса — билеттер жойылады. Еске сала кетейік, өткен аптада Нью-Йорк пен Нью-Джерси бас прокурорлары ФИФА-ның билет саясатына қатысты "бағаны қолдан көтеру" және "жанкүйерлерді адастыру" айыптаулары бойынша тергеу бастаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie