«Бавария» «Ливерпульдің» жас вингерін тартып алғысы келеді
Sports24.kz мәліметінше, жазғы трансферлік терезеде «Бавария» «Ливерпульдің» 17 жастағы вингері Рио Нгумоханы өз сапына қосуы мүмкін.
Дэвид Орнштейннің ақпаратына сәйкес, «қызылдардың» жас талантына бас бапкер Венсан Компани мен клуб басшылығы жоғары баға берген. Дегенмен, әзірге мюнхендіктер «Ливерпульмен» байланысқа шыққан жоқ.
Флориан Плеттенбергтің айтуынша, 26 мамырда «Бавария» өкілдері Нгумоха және оның командасымен ауызша келісімге келген. Ендігі кезекте бәрі «Ливерпульге» байланысты, алайда ағылшындық клуб өз жас талантынан оңайлықпен бас тартуға ниетті емес.
Айта кетейік, бұған дейін «Баварияның» өзі де жұлдызынан айырылып қалуы мүмкін екені хабарланған еді, себебі «Реал» басшысы Флорентино Перестің вингер Майкл Олиседі өз қатарына қосуға қызығушылығы бар.