locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тимур Кападзеге Қазақстан құрамасын басқару «ұсынылды»

Маман Өзбекстан құрамасын әлем чемпионатына алып шықты
Эксклюзивтер
Тимур Кападзеге Қазақстан құрамасын басқару «ұсынылды»
ФОТО: НОК Узбекистана

Өзбекстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Тимур Кападзе Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткер ретінде аталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Sports.kz YouTube-арнасындағы подкасттың жаңа шығарылымында қазақстандық спорт комментаторы әрі сарапшы Тимур Айтмұхамбетов Кападзенің Өзбекстан құрамасымен табысты жұмыс тәжірибесі және командаға шабуылға негізделген ойын үлгісін сіңіре білуі оны Қазақстан футбол федерациясы үшін басым үміткерлердің біріне айналдыратынын айтты.

«Тимур Кападзе — мықты маман. Ол ойыншы ретінде де керемет болды, өте ақылды, ойлы еді. Тіпті алаңда жүргенде-ақ болашақ бапкер екені байқалатын. Қайталап айтамын, Тимур Кападзе — өте мықты. Оның үстіне, өзбек бауырларымыздан орасан қолдау болады», — деді Тимур Айтмұхамбетов.

Еске салайық, Қазақстан футбол федерациясы нидерландтық маман Джон ван ’т Схиппен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдағаннан кейін ұлттық құраманың бас бапкері қызметі бос қалды. «Аякс» командасының бұрынғы бапкерінің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында сәтсіз өнер көрсетіп, бірде-бір жеңіске жете алмады және тобында төртінші орын алды.

Сарапшылар Қазақстан құрамасында Джон ван ’т Схиптің орнын басуы мүмкін өзге үміткерлер ретінде «Қайраттың» бұрынғы бапкері Рафаэль Уразбахтинді, ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Андрей Карповичті және «Ордабасының» бұрынғы бапкері, молдовалық маман Андрей Мартинді атады.

Тимур Кападзе несімен танымал?

Тимур Кападзе 2025 жылдың қаңтарынан 2025 жылғы 6 қазанға дейін Өзбекстан құрамасын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен Өзбекстан құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Сондай-ақ Тимур Кападзе Өзбекстан құрамасын Париждегі Олимпиада ойындарында жаттықтырды. Қазір маман намангандық «Навбахорды» басқарады. Бұдан бөлек, Тимур Кападзенің Қазақстан чемпионатында ойнаған тәжірибесі бар. 2012-2014 жылдары ол «Ақтөбенің» намысын қорғап, «қызыл-ақтар» сапында 69 матч өткізіп, 10 гол соқты.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie