locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ұлттық құрамадағы жанжал: байдың ұлын Қазақстан үшін ойнауға шақырды ма?

Дінмұхаммед Қашкен Қазақстан құрамасына шақыртылды
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Ұлттық құрамадағы жанжал: байдың ұлын Қазақстан үшін ойнауға шақырды ма?
ФОТО: IG Димаш

Қазақстан ұлттық құрамасы кезекті үзіліске жаңа есіммен шықты – «Жетісу» қорғаушысы Дінмұхаммед Қашкен құрама сапына шақырылды. Алайда бұл шешім жанкүйерлер арасында әртүрлі пікір туғызды.

25 жастағы футболшы үшін биылғы маусым оңай болған жоқ. Ол Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 12 матч өткізіп үлгерді: бесеуін «Ұлытаудың» жейдесінде, жетеуін «Жетісу» сапында. Дегенмен, қарапайым статистикасына қарамастан, Қашкен алдағы ресми ойындар тізімінен орын алды.

Әлеуметтік желілерде жанкүйерлер орынды сауал қойып отыр: Қашкен ұлттық құрамаға несімен лайық болды? Көпшілігі бұл позицияға тұрақтырақ әрі тәжірибелі ойыншылар бар екенін алға тартып, бапкерлер шешімін даулы деп бағалады. Сондай-ақ сыншылар арасында «Қашкен құрамаға еңбегімен емес, дәулетті әке баласы болғандықтан шақыртылды» деген пікірлер де жиі айтылды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қазан айындағы үзілісте екі ресми матч өткізеді: 10 қазанда өз алаңында Лихтенштейнмен, ал 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен кездеседі.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie