Интрига шарықтау шегіне жетті: ҚПЛ турнир кестесі қалай өзгерді
Қазақстан Премьер-лигасының 25-турындағы матчтар аяқталды. Өтіп бара жатқан футбол демалысы жанкүйерлерге алтын медаль үшін күрестегі интриганы шарықтау шегіне жеткізген сенсация сыйлады, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
«Ордабасы» күтпеген жерден «Оқжетпестен» жеңіліп қалды (1:2), ал «Қайрат» «Каспийді» сенімді түрде жеңді (3:0). Енді қазіргі чемпион Шымкент командасынан небәрі бір ұпайға қалып тұр, сонымен қатар «Қайраттың» бір ойыны кем. Сондықтан чемпиондық атақтың тағдыры шешілетін маусымның соңғы матчтарын бақылау одан да қызықты болмақ.
Үздік үштікті 45 ұпайы бар елордалық «Астана» түйіндеп тұр. Ал үздік алтылыққа сондай-ақ «Оқжетпес» (42 ұпай), «Ақтөбе» (38 ұпай) және «Елімай» (32 ұпай) кіреді.
Сондай-ақ «Қайсарды» (2:0) жеңген «Алтай» ҚПЛ-дің төмендеу аймағынан шығып, маусым соңындағы жағдайын жақсартқанын атап өткен жөн. Ал қызылордалық команда 20 ұпаймен Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде соңғы орынға түсіп қалды.
