locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ордабасыны» қуып келеді: «Қайрат» «Каспийден» басым түсті

Уразбахтин командасы қарсыласының қақпасына жауапсыз үш гол соқты
ФОТО: «Кайрат»
Қазақстан Премьер-Лигасы
05.09.2026, Аяқт.
Каспиу Актау
0
Кайрат
3

Алматылық «Қайрат» ҚПЛ-дің 6-турынан кейінге шегерілген матчта «Каспийдің» қонағы болып, сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Командалар турнирлік кестенің әртүрлі бөлігінде келе жатты. «Қайрат» чемпиондық титул үшін күресте «Ордабасыны» қуып келеді. Бүгінгі матчта «Ордабасының» «Оқжетпестен» жеңілуінен кейін чемпиондық үшін күрестегі интрига тіпті күшейе түсті. Ал алаң иелері оныншы орында тұрған еді.

Рафаэль Уразбахтиннің командасы бірінші таймның өзінде қарсыласының қақпасына жауапсыз екі гол соқты. Олжас Байбек пен Эдмилсон Ақтау командасының жағдайын барынша қиындата түсті.

Ал екінші таймда Александр Мрынский дәл соққысымен матчтағы соңғы нүктені қойды – 3:0.

Енді «Ордабасы» бір матч артық өткізіп, «Қайраттан» бір ұпайға озып тұр. Ал «Каспий» ҚПЛ турнирлік кестесінің орта тұсындағы орнын сақтап қалды.

Келесі турда «Қайрат» өз алаңында «Ертіспен» кездеседі (негізгі күн – 17 қазан). Оған дейін, 15 қазанда Қазақстан чемпионы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі матчта «Рига» ФК-ның қонағы болады.

ҚПЛ, 6-тур

«Каспий» – «Қайрат» 0:3

Голдар: Байбек, 4; Эдмилсон, 44; Мрынский, 61.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie