Инфантино ірі футбол елдерін ашкөздігі үшін сынға алды
ФИФА президенті Джанни Инфантино әлем чемпионатын басқару құқығын сатудан бас тартқанына қарамастан, бұл идеяны әлі де қолдап отыр және ол футболдың дамуына серпін береді деп есептейді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Әлемдік футбол басшысы сату арқылы түскен қаражатты ірі футболдық құрамалар шағын елдерге көмектесуге жұмсай алатынын атап өтті:
«Өкінішке қарай, кейбіреулерге басқалардың дамығаны қажет емес әрі қаламайды. Бірақ біз ірі, өте ірі елдер мен қалғандарының арасындағы алшақтықты қысқартуымыз керек.
Ірі елдер өте жақсы жұмыс атқарып жатыр, біз оларды мақтап, құттықтаймыз. Әрине, олар әрі қарай да дамуы тиіс, бірақ біз өзгелерге де мүмкіндік беруіміз керек. Біз өзгелерге де инвестиция мен мүмкіндік табуымыз қажет», — деді Инфантино Доминикан Республикасына сапары барысында.
Айта кетейік, Инфантиноның әлем чемпионатын басқару құқығының 20%-ын сату туралы ұсынысы футбол қауымдастығында үлкен сынға ұшырады. Әсіресе, Еуропа мен Солтүстік Америкада бұл ұсынысқа қарсылық күшейіп, олар ФИФА-дан бөлек бірлескен турнирлер ұйымдастыру идеясын белсенді түрде қарастырып, Инфантиноны әлемдік футболдың басты ұйымынан кетіруді көздеуде.