locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан мен АҚШ: УЕФА мен КОНМЕБОЛ бірлескен Ұлттар лигасын дайындауда

Жүзге жуық ұлттық құрама қатысатын турнир 2028 жылы басталуы мүмкін
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Қазақстан мен АҚШ: УЕФА мен КОНМЕБОЛ бірлескен Ұлттар лигасын дайындауда
ФОТО: Getty Images

Еуропалық және солтүстік америкалық футболдың басты органдары бірлескен Ұлттар лигасын өткізуді жоспарлауда, деп хабарлайды Sports24.kz.

The Guardian мәліметінше, өз конфедерацияларында турнирлер өткізетін УЕФА мен КОНМЕБОЛ бірлескен жарыс ұйымдастыруды бастапқы деңгейде талқылап жатыр. Бұл турнир қазіргі УЕФА мен КОНКАКАФ қолданып жүрген Ұлттар лигасының форматына ұқсас өтеді.

Ұлттар бірнеше лигаға бөлінеді, кейін плей-офф кезеңі өтіп, «Төрттік финал» форматындағы ақтық турнирде чемпион анықталады.

Еуропа мен Солтүстік Америкадан 96 ұлттық құрама қатысуы мүмкін турнирдің басталуы 2028 жылдың күзіне дейін жоспарланбайды, себебі конфедерациялар 2026 жылдың күзіне дейін өз аймақтарындағы турнирлердің кестесін толық жасап қойған.

Айта кетейік, биылғы күзде өтетін УЕФА Ұлттар лигасына Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысады. Оның топтық кезеңдегі ойындарының қайда және қашан өтетіні осы сілтемеде жарияланған.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie