locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Челси» Дастан Сәтпаевты басқа клубқа жібермейді

Лондондық клуб жас қазақстандық шабуылшыны өз жобасының бір бөлігі ретінде қарастырып отыр
«Челси» Дастан Сәтпаевты басқа клубқа жібермейді
ФОТО: Getty images

Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» болашағына қатысты тың мәлімет шықты. Белгілі журналист Саймон Джонсонның айтуынша, лондондық клуб қазақстандық футболшымен қоштасуды немесе оны басқа командаға сатуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Sports24.kz.

Журналистің сөзінше, Сәтпаевтың трансферлік құқығы толықтай «Челсиге» тиесілі болып қала береді. Сонымен қатар клуб оның дамуына ұзақмерзімді жоба ретінде қарайды. Дегенмен шабуылшының жаңа маусымды қай құрамда өткізетіні және қандай міндет атқаратыны туралы соңғы шешім әлі қабылданбаған.

«Бір нәрсе анық – «Челси» Дастан Сәтпаевты сатуды жоспарлап отырған жоқ. Бірақ оның алдағы маусымдағы нақты рөлі әзірге анықталған жоқ», – деп жазды Саймон Джонсон.

ФОТО: Getty images

Айта кетейік, 28 шілдеде Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Ол Аустралиядағы маусым алдындағы турне аясында «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы кездесуді негізгі құрамда бастап, жетінші минутта лондондық клубтағы алғашқы голын соқты.

Кездесу «Челсидің» 6:4 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Бұл матчта Сәтпаев бір гол соғып қана қоймай, тағы бір нәтижелі шабуылдың басталуына да үлес қосты.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie