Гаитидің ұлттық құрамасы ӘЧ басталуына үш күн қалғанда формасын ауыстыруға мәжбүр болды: мәселе неде?
14 маусымда Гаитидің ұлттық құрамасы ұзақ жылдардан кейін алғаш рет әлем чемпионатында ойын өткізеді. Алайда турнир басталуына үш күн қалғанда команда шұғыл түрде формасын ауыстыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Турнир қарсаңында Гаитидің футбол федерациясы жаңа формаларды таныстырған еді. Жаңа киімдерде Гаитидегі революция кезінде арал тұрғындарын француз құлдығынан азат еткен күрескерлердің бейнесі болған.
Алайда ФИФА бұл суреттерді саяси ишара ретінде бағалап, оларды формадан алып тастауды сұрады. Федерация ФИФА-ның бұл түсіндірмесін «қате интерпретация» деп атағанымен, ақыр соңында талапты орындауға мәжбүр болды.
- Сондай-ақ оқыңыз: Сәтсіз тізім: ӘЧ-ға шақырылғанымен, жарақатына байланысты ойнамайтындар
«Верьтьер — бұл біздің тәуелсіздікке қол жеткізген соңғы шайқас өткен жер. Ол 1803 жылдың 18 қарашасында өтті. Айтпақшы, ұлттық құрама 2025 жылғы әлем чемпионатына да 2025 жылдың 18 қарашасында жолдама алды. Бұл жайында федерация қосымша мәлімдеме жасамады — тек Saeta компаниясынан дизайнды өзгертуін сұрады», — деп хабарлады The Athletic жариялаған мәлімдемеде.
Еске салсақ, Гаитидің ұлттық құрамасы әлем чемпионатына 1974 жылдан бері алғаш рет қатысады. Топтық кезеңде команда Шотландия, Бразилия және Мароккомен кездеседі.