ФОТО: Самородов РПЛ-дағы матчтың үздік ойыншысы атанды
«Ахмат» шабуылшысы Максим Самородов Махачкаладағы «Динамоға» қарсы РПЛ-дің 8-туры матчында кездесудің үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан құрамасының ойыншысы «Динамоға» қарсы матчта нәтижелі пас беріп, сонымен қатар «Ахмат» футболшылары арасында ойын үшін ең жоғары бағалардың біріне ие болды (Flashscore порталының бағалауы бойынша – 7,6 балл). Самородов қарсылас қақпасына төрт соққы жасап, 18 пассының 13-ін дәл орындады, дәлдік көрсеткіші 72%-ды құрады. Оның күтілетін гол көрсеткіші (xG) 0,21 болды.
58-минутта қазақстандық футболшы бұрыштаманы дәл орындап, кейін Калиду Сидибе допты махачкалалық команданың қақпасына бағыттады. Максим үшін бұл жаңа маусымдағы алғашқы нәтижелі әрекет болды.
РПЛ-дің сегіз турынан кейін «Ахмат» 10 ұпай жинап, турнирлік кестеде тоғызыншы орында тұр. Келесі турда Станислав Черчесов командасы 17 қыркүйекте Тольяттиде «Акронмен» ойнайды.
Самородов «Ахмат» сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. РПЛ-дің қазіргі маусымында Максим жеті матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Оның грозныйлық клубпен келісімшарты 2028 жылғы маусымның соңына дейін жарамды.
Бұған дейін Самородовтың Мәскеудің «Спартагына» ауысымының не себепті жүзеге аспағаны белгілі болған еді.