Көшбасшы ауысты: «Қайраттың» сәтсіздігінен кейінгі ҚПЛ кестесі
Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінің жоғарғы бөлігінде 26-тур матчтарының қорытындысы бойынша маңызды өзгерістер болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Қайрат» «Тобылға» қарсы үй матчына ҚПЛ көшбасшысы ретінде шыққанымен, күтпеген жерден ірі есеппен жеңіліп, 4:1 есебімен ұтылды. Чемпионның басты бәсекелесі «Ордабасы» осы демалыс күндері «Астананы» 1:0 есебімен жеңіп, алматылықтарды турнирлік кестеде тағы да басып озды.
Енді «Ордабасы» Рафаэль Уразбахтин командасынан бір ұпайға алда (58 қарсы 57) тұр. Екі команда да бірдей ойын өткізді. ҚПЛ маусымының аяқталуына бес тур қалды.
Үздік үштікті «Астана» түйіндеп тұр. Елорда командасының 24 ойыннан кейін 45 ұпайы бар. Үздік алтылыққа сондай-ақ «Оқжетпес», «Ақтөбе» және «Елімай» кірді.
Жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу жолындағы күрес те барынша шиеленісе түсті. «Атырау», «Ертіс», «Қайсар» және «Қызылжардың» еншісінде 23 ұпайдан бар. Кестенің соңында тұрған «Жетісудың» 22 ұпайы бар.
ҚПЛ-дың 27-турының матчтары келесі демалыс күндері – 17 және 18 қыркүйекте өтеді. «Астана» «Қайратты» қабылдайды, ал «Ордабасы» «Атырауға» қонаққа барады.
