locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚФФ ҚПЛ-дан бір клубты шығарғысы келеді. Не болды?

ҚФФ конференциясы 21 қыркүйекте өтеді, онда күтпеген шешімдер қабылдануы мүмкін
ФОТО: КФФ

21 қыркүйекте ҚФФ конференциясы өтеді. Жиында күтпеген шешімдер қабылдануы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.

Журналист Ермұхамет Мәуленнің хабарлауынша, осы отырыста ҚПЛ клубтарының бірі Қазақстан чемпионатының жоғарғы дивизионынан шығарылуы мүмкін.

«Бұл отырыста көптеген мәселені талқылау жоспарланып отыр. Ал ең бастысы – бір команданы чемпионаттан шығару мәселесі. Қысқасы, бір клубты Премьер-лигадан алып тастағысы келетін сияқты», – деп жазды Мәулен өзінің Telegram-арнасында.

Еске салайық, осы маусымнан бастап Қазақстан Премьер-лигасында 16 команда өнер көрсетіп келеді.

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан Премьер-лигасындағы легионерлер лимитінің болашағына қатысты бірқатар кеңес өткізуді жоспарлап отырғаны хабарланған еді.

Осы маусымда ҚПЛ-дың 23 турында «Ордабасы» көш бастап келеді. «Қайрат» көшбасшыдан төрт ұпайға қалып келеді. Бұл ретте алматылықтардың бір ойыны кем.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie