КФФ маңызды ережені өзгертуі мүмкін: КПЛ-дегі детальдар белгілі болды
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан Премьер-лигасындағы легионерлер лимитінің болашағына қатысты бірқатар кеңес өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sport24.kz.
Эльдар Аманбаевтың ақпаратына сәйкес, бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қыркүйек айында өтуі тиіс консультациялардан кейін ғана қабылданады.
- Сондай-ақ оқыңыз: Суперкомпьютер «Елімай» — «Қайрат» матчының болжамын жасады
Еске салайық, 2025 жылы ҚФФ легионерлер лимитін кезең-кезеңімен қысқартуды бекітті. Екі жыл ішінде клубтардың өтініміндегі шетелдік футболшылар саны оннан сегізге дейін азаюы тиіс.
Қазақстаннан бөлек, КПЛ-де ең көп ұсынылған елдер — Бразилия (17 футболшы), Сербия мен Беларусь (12 ойыншыдан), Украина (12 футболшы) және Хорватия (11 футболшы).
Осы маусымда легионерлерді пайдалануы бойынша көш бастап тұрған командалар — «Ертіс» (19 футболшы), «Атырау», «Елімай» және «Каспий» (13 ойыншыдан).