Естелікке тағзым: Диогу Жота EA FC 27 ойынында ерекше карточка алуы мүмкін
Марқұм Диогу Жотаның есімі жақын арада виртуалды алаңда да мәңгі қалуы әбден мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.
Инсайдер FutSheriff-тің мәліметінше, EA Sports Жотаны EA FC 27 ойынына Қаһарман карточкасы ретінде енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Қазіргі таңда бұл әзірге тек әзірлеушілер арасында талқыланып жатқан нұсқа — мұндай карточканың ойында болатыны ресми түрде расталған жоқ.
EA FC сериясындағы қаһарман карточкалар дәстүрлі түрде клубтар мен турнирлер тарихында зор із қалдырған футболшыларға арналады. Жотаға қатысты мұндай қадам EA Sports тарапынан португалиялық марқұм жұлдызды құрметтеудің тағы бір маңызды жолы болмақ.
Айта кетейік, Диогу Жота 2025 жылдың 3 шілдесінде қайғылы жағдайда көз жұмды. Кейін «Ливерпуль» клубы португалиялық шабуылшы өнер көрсеткен 20-нөмірлі жейдені мәңгілікке айналдырды.
Португалиялық ойыншы 2020 жылдан бері «Ливерпуль» сапында өнер көрсетті. Мерсисайдтық клубта Жота барлық жарыста 182 матч өткізіп, 65 гол соқты, Премьер-лига, Англия кубогы және екі Англия лига кубогында топ жарды.
Жалпы алғанда, португалиялық футболшы клубтық деңгейде 395 ресми матчқа қатысып, 133 голдың авторы атанды. Ұлттық құрамада Жота 2019-2025 жылдар аралығында 49 матч өткізіп, 14 гол соқты және Ұлттар лигасын екі мәрте — 2019 және 2025 жылдары жеңіп алды.