«Ливерпуль» ПСЖ-ның вундеркиндін нысанаға алды, бірақ бір кедергі бар
Дарынды вингер Ибрагим Мбайе жақын арада «Пари Сен-Жерменнен» кетуі мүмкін, келіссөздер қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.
Фабрицио Романоның айтуынша, «Ливерпуль» ойыншының жаңа агенті Хорхе Мендеспен сөйлескен, ал 18 жастағы сенегалдық вингер «қызылдардың» жобасына қатты қызығып отыр. Жалғыз кедергі – баға: ПСЖ-ның 40-50 миллион еуроға бағалауы «Ливерпуль» басшылығына тым жоғары көрінеді.
«Ливерпуль» шабуыл шебін бірден екі бағытта күшейтуде: параллель түрде ПСЖ-ның 145 миллион фунт стерлингке бағалаған Брэдли Барколамен трансферлік сага жалғасуда.
Осы сәтте Еуропаның жартысы Мбайеге көз тіккен: «Манчестер Юнайтед» сұрау салған, ал «Бавария», «Боруссия», «Лейпциг», «Байер Леверкузен», «Манчестер Сити», «Челси» және «Астон Вилла» да жағдайды бақылап отыр.
Айта кетейік, өткен маусымда сенегалдық футболшы ПСЖ сапында 31 матч өткізіп, XXI ғасырда Африка ұлттары кубогының ең жас сұрмергені атанды және әлем чемпионатында Франция қақпасына гол соқты.
Бұған дейін әлемдегі ең бай үш адамның бірі «Ливерпульдің» иесі болады деп хабарланған болатын.