locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ертіс» «Каспийді» соңғы сәтте жеңіп, қарсыластарынан арадағы алшақтықты қысқартты

Павлодарлық клуб қосымша уақытта жеңіс голын соғып, ҚПЛ-дегі қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді
«Ертіс» «Каспийді» соңғы сәтте жеңіп, қарсыластарынан арадағы алшақтықты қысқартты
ФОТО: Каспий ФК
Қазақстан Премьер-Лигасы
01.08.2026, Аяқт.
Иртиш Павлодар
3
Каспиу Актау
2

Павлодардың «Ертісі» Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында өз алаңында ақтаулық «Каспийді» 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матчты қонақтар сәтті бастап, 12-минутта Ноа Ндомбази есеп ашты. Үзілістен кейін алаң иелері ойын тізгінін өз қолына алды. Алдымен Жан Морель По таразы басын теңестірсе, араға алты минут салып Юши Шимамура «Ертісті» алға шығарды. Алайда Павел Седько пенальтиден мүлт кетпей, «Каспийге» қайта үміт сыйлады. Дегенмен қосымша уақыттың соңғы секундтарында По тағы да пенальтиді дәл орындап, павлодарлықтарға жеңіс сыйлады.

Кездесудің шешуші сәттерінің бірі 90+11-минутта «Каспий» қорғаушысы Амаралдың алаңнан қуылуы болды. Сан басымдығын тиімді пайдаланған «Ертіс» соңғы шабуылда пенальтиге ие болып, үш ұпайды өз еншісіне жазды.

ҚПЛ. 20-тур
«Ертіс» – «Каспий» – 3:2 (0:1)
Голдар:
Ндомбази, 12 (0:1), По, 53 (1:1), Шимамура, 59 (2:1), Седько, 65 - пенальтиден (2:2), По, 90+14 – пенальтиден (3:2).
Алаңнан қуылды: Амарал («Каспий»), 90+11.

Осы жеңістен кейін «Ертіс» 17 ұпай жинағанымен, турнир кестесінің соңғы сатысында қалып отыр. Ал «Каспийдің» еншісінде 21 ұпай бар, команда кестенің орта тұсында орналасқан.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie