Эксперт «Женис» пен «Кайсар» арасындағы Қазақстан кубогының жартылай финалындағы матчтың нәтижесін болжады
Белгілі қазақстандық футбол маманы әрі функционер Болат Есмағамбетов елордалық «Женис» пен қызылордалық «Қайсар» арасындағы Қазақстан кубогының жартылай финалының қарымта кездесуіне өз болжамын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Женис» соңғы ойында жаман әсер қалдырмады. Жаңа бапкердің келуімен елордалық ұжым алаңда басымдық танытады деп ойлаймын. «Женис» екі доп айырмасын қайтарып, есепті теңестіре алады деп есептеймін. Менің болжамым — «Женис» ойынды қосымша уақытқа жеткізеді және бұл жұптың фавориті болып қала береді», – деді Болат Есмағамбетов.
Қос команда 29 шілде күні Қызылордада кездескен болатын. Ол кезде алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жеткен. Алдағы Қазақстан кубогының жартылай финалдық кездесуі «Женис» пен «Қайсар» арасында 19 тамыз күні Астанада, «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы — 19:00, Қазақстан уақытымен.